АСТАНАДА УЕФА СУПЕРКУБОГЫ ӨТЕДІ!
Қазақстан футболы үшін тарихи жаңалық! 🏆 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы UEFA материалында 2028 жылғы матчты Астанаға өткізу көрсетілген.
Қазақстан футболы туралы соңғы жаңалықтар
Қазақстан футболы үшін тарихи жаңалық! 🏆 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы UEFA материалында 2028 жылғы матчты Астанаға өткізу көрсетілген.
Астанада 19 қыркүйекте өтуі тиіс болған SOLANA FESTIVAL музыкалық фестивалі 2027 жылға ауыстырылды. Жаңа дата — 22 мамыр 2027 жыл.
Қазақстан Кубогы-2026 турнирінде финалға шыққан екі команда анықталды. 19 тамызда жартылай финалдың жауап матчтары өтіп, нәтижесінде Шымкенттің «Ордабасы» мен Қызылорданың «Қайсары» шешуші кездесуде чемпиондық атаққа таласатын болды.
Астана қаласында Қазақстан Кубогының жартылай финалдық кезеңі аясында «Жеңіс» пен «Қайсар» командалары арасындағы қарымта кездесу өтті. Тартысты өткен матчта елордалық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда алғашқы ойындағы нәтижені ескергенде, екі матчтың қорытындысы бойынша «Қайсар» 5:4 есебімен
Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан Кубогының финалына шықты. Жауапты жартылай финалдық кездесуде шымкенттіктер Өскеменде «Алтайды» 2:1 есебімен жеңіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 5:2 нәтижесімен келесі кезеңге өтті.
«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян команданың жас ойыншысы Мақсат Абраевтің соңғы матчтарда неге негізгі құрамнан тыс қалғанын түсіндірді.
Испанияның «Реал Мадрид» клубы бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниормен жаңа келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады. Жаңа келісім бойынша футболшы мадридтік ұжым сапында 2032 жылға дейін өнер көрсетеді.
Қазақстандық клубтар еурокубок маусымындағы өнерін сәтті жалғастырып келеді. 29 және 30 шілде күндері өткен қарымта кездесулердің қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері өз алаңында кипрлік «Омонияны» 1:0 есебімен жеңіп, пенальти сериясында 6:5 нәтижесімен басым түсті. Келесі кезеңде қазақстандық клуб Болгарияның «Левски» командасымен кездеседі.
«Омония» бас бапкері: «Қайраттың» халықаралық тәжірибесі бар, бірақ бәрі алаңда шешіледі Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі қарсаңында кипрлік «Омонияның» бас бапкері QazFootMedia тілшісі Алина Екибасованың сұрағына жауап беріп, алматылық «Қайраттың» қазіргі деңгейі
Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясындағы «Астана» – «Алтай» кездесуінде елордалық клубтың тәжірибелі жартылай қорғаушысы Марин Томасов мансабындағы айтулы жетістікке қол жеткізді. Хорватиялық футболшы бұл матчта гол соғып, «Астана» сапындағы 100-ші голының авторы атанды.
Бүгін, 20 шілде күні сағат 12:00-де, Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне билеттердің ресми сатылымы басталды. Сатылым ашылған сәттен бастап жанкүйерлер белсенді түрде билет сатып алуға кірісті. Қазіргі уақытта билеттерге сұраныс өте жоғары болып, сатылым қарқынды жүріп жатыр