Винисиус Жуниор «Реал» құрамына 2018 жылы қосылған болатын. Осы уақыт аралығында ол әлемдік футболдағы ең үздік ойыншылардың біріне айналып, клубтың негізгі көшбасшыларының қатарынан көрінді. Бразилиялық футболшы жылдамдығымен, техникасымен және маңызды матчтардағы нәтижелі ойынымен жанкүйерлердің сүйіспеншілігіне бөленді.

Футболшы «Реал Мадрид» сапында Ла Лига, Испания Суперкубогы, УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы және Клубтар арасындағы әлем чемпионаты секілді бірқатар беделді турнирлерде жеңіске жетті.

Клуб басшылығы Винисиусты команданың қазіргі және болашақ жобасының маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Сондықтан келісімшарттың ұзартылуы «Реалдың» ұзақмерзімді стратегиясындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.

Осылайша, мадридтік клуб пен Винисиус Жуниордың ынтымақтастығы кемінде 2032 жылға дейін жалғасады.