Фестиваль бағдарламасында әлемдік деңгейдегі танымал орындаушылар Metro Boomin, Akon, Ne-Yo және Cat DeLuna өнер көрсетуі тиіс болған еді. Алайда ұйымдастырушылардың хабарлауынша, финалдық кезеңде туындаған ұйымдастырушылық және әкімшілік мәселелерге байланысты шоуды бастапқы жоспарланған күні өткізу мүмкін болмаған.

Ұйымдастырушылар бұл жағдайдың билет сатылымына немесе фестивальдің лайнапына қатысы жоқ екенін атап өтті.

Сатып алынған билеттер не болады?

Фестивальге билет алып қойған көрермендер үшін билеттердің күші жойылмайды. Барлық сатып алынған билеттер 2027 жылғы 22 мамырдағы жаңа датаға автоматты түрде жарамды болады.

Сонымен қатар, билет иелеріне жағымды жаңалық бар: әр көрерменге бір санат жоғары тегін апгрейд ұсынылады.

Фестиваль одан да ауқымды болады

Ұйымдастырушылардың айтуынша, SOLANA FESTIVAL жаңа датаға ауысумен ғана шектелмейді. Фестиваль бағдарламасы да кеңейтіледі.

Бастапқыда сахнада 7 әлемдік әртіс өнер көрсетуі жоспарланса, енді олардың саны 9 орындаушыға дейін көбейеді.

Ұйымдастырушылар жаңа хедлайнерлердің есімдерін алдағы уақытта жариялауға уәде берді. Демек, 2027 жылғы SOLANA FESTIVAL бастапқы жоспардан да ауқымды шоуға айналуы мүмкін.

Қазір фестивальдің жаңа форматтағы дайындығы жалғасып жатыр. Астаналық көрермендерді келесі жылы әлемдік музыка жұлдыздарының қатысуымен үлкен шоу күтіп тұр.

Жаңа дата: 22 мамыр 2027 жыл.