«Қайрат» қосымша уақытта жеңісті жұлып алды: Алматы клубы Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы алғашқы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті деп хабарлайды qazfootmedia.kz
Матчтың алғашқы таймында екі команда да сақ ойнады. 33-минутта Жоржиньо гол соққанымен, VAR тексерісінен кейін офсайд тіркеліп, гол есепке алынбады. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды.
Үзілістен кейін «Қайрат» шабуылын күшейтіп, 76-минутта нәтижеге қол жеткізді. Исмаил Бекболаттың нәтижелі пасынан кейін қорғаушы Лукас Африко есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды.
Алайда қонақтар матчтың соңғы минутында таразы басын теңестірді. 90-минутта Мрвальевич мергендігімен көзге түсіп, есепті 1:1-ге жеткізді.
Дегенмен «Қайрат» жеңісті уыстан шығарған жоқ. Төреші қосқан үшінші минутта Гуал Бекболаттың екінші нәтижелі пасынан кейін жеңіс голын соғып, алматылық клубқа аса маңызды жеңіс сыйлады.
Осылайша, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңін жеңіспен бастап, қарымта матч алдында басымдыққа ие болды. Екінші кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді.
Матч нәтижесі:
Қайрат – Сутьеска – 2:1 (0:0)
Голдар:
- 76’ – Лукас Африко (Бекболат)
- 90’ – Мрвальевич
- 90+3’ – Гуал (Бекболат)