«Қайрат» – «Қызылжар» матчында алматылық клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жас талант Дастан Сәтпаевқа арнайы сыйлық табыстады.
Кездесу алдында Сәтпаевқа №58 жейдесі тарту етілді. Бұл сыйлық оның «Қайрат» сапындағы 58-матчын өткізуіне орай жасалған ерекше құрмет болды.
Сондай-ақ, «Қайраттың» ультрас жанкүйерлері де жас футболшыны назардан тыс қалдырмай, оған арнап арнайы перформанс ұйымдастырды. Әсерлі көрініс Орталық стадионға жиналған көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше атмосфера сыйлады.
Дастанмен қоштасу алматылық жанкүйерлер үшін оңай болмаса да, олар клуб түлегін зор мақтанышпен және ыстық ықыласпен шығарып салуға дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.
«Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев «Қызылжарға» қарсы матчта дубль авторы атанды. Шабуылшы 59 және 87-минуттарда мергендік танытып, командасының 3:0 есебімен жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты.
⚽️ 59’ — Дастан Сәтпаев
⚽️ 85’ — Ислам Бекболат
⚽️ 87’ — Дастан Сәтпаев
Алматылықтардың талантты тәрбиеленушісі кезекті рет өзінің жоғары деңгейін көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты