Айта кетейік, кеше Премьер-Лига аясында «Ақтөбе» өз алаңында «Қызылжармен» тең ойнады. Матч аяқталған соң жанкүйерлер трибунадан:
— «Ойын қайда? Намыс қайда?» — деп командадан нәтиже талап етті.

 

Кездесуден кейін бас бапкер Штефан Таркович те жанкүйерлердің көңіл-күйіне қатысты пікір білдірді:
— «Жанкүйерлеріміздің ренішін толық түсінемін. Қандай жағдай болмасын, олар бізді қолдауды тоқтатқан емес. Сондықтан алдағы матчтарда, әсіресе өз алаңымызда, жеңіске жету үшін барымызды саламыз», — деді маман.

 

Қазіргі таңда «Ақтөбе» турнирлік кестеде 12-орында тұр. Команда соңғы екі ойында қатарынан тең нәтиже тіркеді.

 

Ал келесі турда ақтөбеліктерді сырт алаңда «Оқжетпеске» қарсы ауыр матч күтіп тұр.