Алматыда салынып жатқан жаңа стадион Чемпиондар лигасының финалын қабылдай алмайды.
УЕФА талаптарына сәйкес, Чемпиондар лигасының финалы тек 60 000-нан астам көрермен сиятын ареналарда өткізіледі. Ал Алматыдағы жаңа стадионның сыйымдылығы шамамен 45 000 орын болады.
Дегенмен, бұл аренада Еуропа лигасы, Конференция лигасы және УЕФА Суперкубогы секілді ірі халықаралық матчтарды өткізуге мүмкіндік бар.
Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасының финалы Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы 67 000 көрерменге арналған стадионда өтеді. ⚽🏟️