Фото : https://www.instagram.com/p/DXdYurtFrJp/?igsh=Z3E4eXM4M2g0NHJo


Олардың таныстығы 2025 жылдың қыркүйегінде басталған. Сол кезде Данил FURIA сапында FISSURE турниры жарысында чемпион атанып, турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Киберспортты жақсы көретін Неймар қазақстандық ойыншыны әлеуметтік желіде құттықтап, оның парақшасына жазылған еді.

 

Араға жарты жыл салып, Данил Бразилияға барған сапарында екі жұлдыз алғаш рет жүзбе-жүз кездесті. Қазіргі таңда Сантос сапында өнер көрсететін Неймар қазақстандық ойыншымен бірге түсірілген контентті өз парақшасында бөлісті. Суретте Данил әйгілі 10-нөмірлі жейдемен көзге түскен.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл кездесуді ерекше ықыласпен қабылдады. Ең көп тараған пікірлердің бірі – «Қазақстан – Бразилия бір туған» деген әзілге айналған сөз тіркесі болды. Бұл тіркес бұрыннан белгілі «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген тарихи ұғымға жаңаша мән беріп, қазіргі таңда киберспорт пен жұлдыздардың достығы арқылы жаңа сипатқа ие болды.

 

Айта кетейік, 21 жастағы Данил Голубенко бразилиялық клубқа 2025 жылдың сәуірінде қосылған. Жуырда өткен IEM Rio 2026 турнирінде оның командасы төртінші орын алып, 20 мың доллар жүлде иеленді.