Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне билеттер жоғары сұранысқа ие
Бүгін, 20 шілде күні сағат 12:00-де, Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне билеттердің ресми сатылымы басталды. Сатылым ашылған сәттен бастап жанкүйерлер белсенді түрде билет сатып алуға кірісті. Қазіргі уақытта билеттерге сұраныс өте жоғары болып, сатылым қарқынды жүріп жатыр
Еске салайық, әлемге әйгілі америкалық музыкант 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өнер көрсетеді. Бұған дейін концерттің осы стадионда өтуіне байланысты «Қайраттың» тамыз айындағы үй матчтарын басқа аренада өткізуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Концерт билеттерінің бағасы 120 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін белгіленген. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сатылым басталған алғашқы минуттардың өзінде-ақ билетке деген қызығушылық өте жоғары болды.
Алдағы күндері концертке барлық билеттің тез сатылып кетуі де ғажап емес.