Нұрсұлтан Құрманның YouTube арнасына берген сұхбатында клуб басшысы бастапқыда 35 мың орынға жоспарланған аренаның сыйымдылығын 60 мың көрерменге дейін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Қызайбаевтың сөзінше, қазіргі таңда жаңа стадионның жобасын жетілдіру және оның халықаралық талаптарға толық сәйкес келуіне басымдық берілуде. Сонымен қатар, сұхбат барысында «Ордабасының» клубтық инфрақұрылымын дамыту, академия жұмысын күшейту және болашақтағы стратегиялық жоспарлар да сөз болды.

Егер жоба жүзеге асса, Шымкенттегі жаңа арена Қазақстандағы ең ірі футбол стадиондарының біріне айналмақ. Бұл қалада халықаралық деңгейдегі матчтар мен ірі турнирлерді қабылдауға мүмкіндік береді.