Канье Уэсттің Алматыдағы концерті «Қайраттың» жоспарын өзгертуі мүмкін
2026 жылдың 14 тамызында әлемге әйгілі америкалық рэпер Канье Уэст Алматыдағы Орталық стадионда концерт өткізеді. Ал шоу өткеннен кейін бір күннен соң, 15 тамызда, «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасы аясында «Ұлытауды» қабылдауы тиіс.
Сонымен қатар, алматылық клуб 11–12 тамыз күндері УЕФА клубтық турнирлеріндегі кезекті үй матчын өткізуі ықтимал. Алайда концерттің дәл осы кезеңге жоспарлануы «Қайраттың» матчтарын өткізу мәселесін қиындатты.
Клуб ресми түрде концерттің ұйымдастырылуы өздерімен келісілмегенін мәлімдеді. Орталық стадион Алматы қаласының меншігінде болғандықтан, концерт ұйымдастырушылары аренаны алдын ала брондап қойған.
Осының салдарынан «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасындағы «Ұлытауға» қарсы кездесуін «Хан-Тәңірі» стадионында өткізуі мүмкін. Ал егер осы аралықта еурокубоктағы үй ойыны жоспарланса, онда матчтың Астанада өту ықтималдығы жоғары.
Канье Уэст концертіне билет бағасы белгілі болды
Концерт билеттері 20 шілдеде сатылымға шығады. Ұйымдастырушылар жариялаған ақпаратқа сәйкес, билет бағасы 120 мың теңгеден басталып, ең қымбат орындар 350 мың теңгеге дейін жетеді.
Алматыдағы концерт жаздың ең ірі музыкалық оқиғаларының бірі болғалы тұр. Дегенмен бұл шара «Қайраттың» ішкі чемпионат пен еурокубоктағы үй матчтарын өткізу жоспарына тікелей әсер етуі мүмкін