«Астана» Конференциялар лигасымен қоштасты: елордалық клуб «Динамо Ситиден» ірі есеппен жеңілді
Қазақстанның «Астана» клубы УЕФА Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Албанияның «Динамо Сити» командасына 1:4 есебімен есе жіберді.
Алғашқы кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жеткен елордалықтар матчтың 23-минутында Босниялық шабуылшы Исламхан Бассидың пенальтиден соққан голының арқасында есеп ашып, жалпы есептегі басымдығын ұлғайтқан болатын.
Алайда екінші таймда ойынның беті толықтай өзгерді. Қонақтар 50-минутта пенальтиден таразы басын теңестірсе, 62-минутта Бериша командасын алға шығарды. Осыдан кейін «Астана» қорғаушысы Кажуколовас екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылып, қазақстандық клуб матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізді.
Негізгі уақыт 1:2 есебімен аяқталып, екі матч қорытындысы бойынша есеп теңесті. Қосымша уақытта албаниялық ұжым шабуылын үдетіп, 93 және 120+4 минуттарда тағы екі гол соғып, кездесуді 4:1 есебімен өз пайдасына шешті.
Осылайша екі матчтың қорытындысы бойынша «Динамо Сити» 4:2 есебімен жеңіске жетіп, УЕФА Конференциялар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды. Ал «Астана» еурокубоктағы жорығын алғашқы іріктеу кезеңінде аяқтады.