ӘЧ- 2026: Оңтүстік Корея Чехияны жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді
Оңтүстік Корея мен Чехия арасындағы тартысты кездесу жанкүйерлерге керемет эмоция сыйлады. Матчтың алғашқы таймы голсыз аяқталып, командалар үзіліске 0:0 есебімен аттанды.
Екінші таймның 59-минутында чехиялық Ладислав Крейчи есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Алайда кореялықтар көп күттірмей жауап қайтарды. 67-минутта Хван Ин Бом таразы басын теңестіріп, матчқа жаңа серпін берді.
Кейін Чехия құрамасы тағы бір гол соққанымен, VAR жүйесі эпизодты тексеріп, офсайд тіркелгенін анықтады. Нәтижесінде гол есепке алынбады.
Ойын тізгінін өз қолына алған Оңтүстік Корея шабуылды үдетіп, нәтижесінде О Хён Гю жеңіс голын соқты. Осылайша алаң иелері есепте алға шықты.
Негізгі уақыт аяқталған соң төреші 6 минут қосқанымен, есеп өзгерген жоқ. Екі команда да соңғы секундтарға дейін жоғары қарқын көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі футбол сыйлады.
Қорытынды есеп — 2:1. Жеңіс Оңтүстік Корея құрамасының еншісінде қалды.