🇺🇿 Өзбекстан құрамасы 🇨🇴 Колумбияға 1:3 есебімен жол берді.
⚽ Аббосбек Файзуллаев таразы басын теңестіргенімен, матчтың соңғы минуттарында Колумбия өз басымдығын көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті.
Әлем чемпионаты аясындағы тартысты кездесуде Өзбекстан құрамасы Колумбияға 1:3 есебімен есе жіберді.
Ойынның 40-минутында Диего Муниос есеп ашып, колумбиялықтарды алға шығарды. Екінші таймның басында Өзбекстан құрамасы құрамында бірнеше ауысу жасалып, 60-минутта Аббосбек Файзуллаев таразы басын теңестірді – 1:1.
Алайда Колумбия көп күттірмей қайта алға шықты. 65-минутта Луис Диас мергендігімен көзге түссе, матчтың соңғы секундтарында Джон Кампас (90+9) нүкте қойды.
🟨 Сары қағаздар:
• Хусанов – 34’
• Мохика – 7’
⚽ Голдар:
• Муниос – 40’ (0:1)
• Файзуллаев – 60’ (1:1)
• Луис Диас – 65’ (1:2)
• Джон Кампас – 90+9’ (1:3)
Өзбекстан құрамасы есепті теңестіргенімен, Колумбия ойын соңында өз деңгейін көрсетіп, маңызды жеңіске қол жеткізді.
#Өзбекстан #Колумбия #Файзуллаев #ЛуисДиас #Кампас #WorldCup2026 #Футбол #Uzbekistan #Colombia