Алаң иелері ойынның алғашқы минуттарынан бастап басымдық танытып, есепті 9-минутта ашты. Мексика шабуылшысы Хулиан Киньонес қарсылас қақпасын дәл көздеп, 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы голының авторы атанды.

 

Екінші таймда мексикалықтар шабуылдарын жалғастырып, 67-минутта Рауль Хименес есеп айырмасын еселей түсті. Тәжірибелі шабуылшы өз мүмкіндігін мүлт жібермей, командасының жеңісін нығайтты.

 

Кездесудің тағы бір ерекшелігі – тәртіп бұзушылықтардың көп болуы. Бас төреші матч барысында үш қызыл қағаз көрсетті. Оның екеуі Оңтүстік Африка құрамасының футболшыларына берілсе, бір ойыншы Мексика сапынан алаңнан қуылды.

 

Осылайша, Мексика құрамасы өз жанкүйерлерінің алдында маңызды жеңіске қол жеткізіп, А тобындағы жарысты үш ұпаймен бастады. Ал Оңтүстік Африка келесі кездесулерде жағдайын түзетуге тырысады.