🇳🇱 Нидерланд Өзбекстанды соңғы минуттарда жеңді
Жолдастық кездесуде Өзбекстан құрамасы Нидерландқа қарсы лайықты ойын көрсетті. Матчтың негізгі уақыты аяқталар тұста есеп 1:1 болып тұрған еді.
Өзбекстан сапынан Иван Сергеев 90+2 минутта гол соғып, жанкүйерлерге үміт сыйлады. Алайда қосымша уақытта нидерландтықтар пенальтиден тағы бір гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.
Қорытынды есеп — Нидерланд 2:1 Өзбекстан.
Өзбекстан құрамасы Еуропаның мықты командаларының біріне қарсы жақсы ойын өрнегін көрсетіп, болашағы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.