Матчтың 56-минутында Хусанов Матетаның бағытына жасалған қауіпті пасты үзіп, командасын голдан құтқарды. Кейінірек ол қаптал маңында Джонсонмен болған жекпе-жекте де басым түсіп, допты өз бақылауында сақтап қалды.

 

81-минутта Камада айып алаңында Хусановпен болған жанасудан кейін құлаған еді. Алайда бас төреші ережебұзушылық тіркемей, жапониялық футболшыға симуляция үшін сары қағаз көрсетті.

 

Кездесудегі соңғы нүктені Савио қойды. 85-минутта Шерки қарсы шабуылға жылдам шығып, бразилиялық шабуылшыны қақпашымен бетпе-бет шығарды. Савио мүмкіндігін мүлт жібермей, Хендерсонды оңай алдап өтіп, матчтың қорытынды есебін белгіледі.