Кездесу барысында «Барселона» допқа көбірек иелік етіп, фланг арқылы шабуылды жиі ұйымдастырды. Алайда алаң иелері жылдам қарсы шабуыл мен стандарттық жағдайларға сенім артты.

 

Каталониялық ұжым сапында Маркус Рэшфорд пен Барджидің бірнеше қауіпті сәті болғанымен, «Алавес» қорғаушылары соққылардың жолын кесіп отырды.

 

Матчтағы жалғыз гол бірінші таймның соңында соғылды. 45-минутта бұрыштамадан кейін Бланко допты айып алаңына қайта асырды. Осы сәтте Диабате әуе добында жеңіске жетіп, допты қақпаның сол жақ төменгі бұрышына дәл бағыттады. Польяк қақпашы Войцех Щенсны бұл соққыға тосқауыл қоя алмады.

 

Осылайша «Алавес» сенсациялық жеңіске қол жеткізіп, чемпион атанған «Барселонаның» жеңісті сериясын тоқтатты.