«Ордабасы» клубына сатып алушы табылмады: баға 30%-ға төмендеді
2026 жылдың 28 мамырына жоспарланған электронды аукцион өтпей қалды. Себебі сауда басталған сәтте бірде-бір қатысушыдан өтінім түспеген. Осыдан кейін шымкенттік клуб қайтадан электронды сауда алаңына шығарылып, оның бастапқы бағасы 30%-ға төмендеті
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы электронды саудада сатылмай қалды. Клубтың бағасы 30%-ға төмендеп, жаңа аукцион 16 маусымға белгіленді.
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы электронды сауда арқылы сатылмай қалды. 2026 жылдың 28 мамырына жоспарланған аукционға бірде-бір қатысушы өтінім бермеген.
Электронды сауда порталындағы мәліметке сәйкес, «сауда басталар сәтте веб-портал арқылы қатысушылардың қабылданған өтінімдері болмаған». Осыған байланысты клуб қайтадан сауда алаңына шығарылды.
Қайта ұйымдастырылған аукционда клубтың бастапқы бағасы 30%-ға төмендетілді. Егер алғашында «Ордабасы» 224 160 507 теңгеге бағаланса, енді оның құны 156 912 355 теңгені құрап отыр. Яғни шымкенттік клубтың бағасы шамамен 67,3 млн теңгеге арзандаған.
Жаңа электронды сауда 2026 жылдың 16 маусымына жоспарланған. Қазіргі уақытта клуб Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балансында тұр.
Сондай-ақ әлеуетті сатып алушы аукционға қатысу үшін 33,6 млн теңге көлемінде кепілдік жарна төлеуі қажет.