Бейнежазбада жас жанкүйерлердің отандық футболшыға деген ерекше ықыласы байқалады. Көпшілік бұл сәтті қазақстандық балалардың шетелдік жұлдыздарға емес, өз елінің ойыншыларына қызығушылығының артқанының белгісі ретінде қабылдады.

 

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, пікірлерде отандық футболды дамыту үшін дәл осындай үлгі боларлық тұлғалардың маңызын атап өтті. Кейбірі Анарбековті жас футболшыларға мотивация беретін символ деп бағалады.

 

Айта кетейік, соңғы уақытта Темірлан Анарбековтің ойыны мен алаңдағы мінезі жиі талқыланып, жанкүйерлер арасында танымалдығы арта түскен.

Видео : https://vm.tiktok.com/ZMDNmSdAm/