Коллекциялық карточкадан қазақстандық футболшыны таба алмаған баланың көз жасы желіні толқытты
Threads әлеуметтік желісінде футболды жан-тәнімен жақсы көретін баланың коллекциялық карточкаларды ашып отырып, ішінен қазақстандық ойыншыны таба алмағанына үнсіз жылаған бейнежазбасы кеңінен тарады. Видеоны баланың анасы жариялаған.
Анасының айтуынша, бала әр қорапты үлкен үмітпен ашады. Ол әлемдік жұлдыздарды емес, өз елінің футболшыларын іздейді. Қазірдің өзінде баланың 100-ден астам карточкасы бар, алайда олардың ешқайсысында қазақстандық футболшылар жоқ.
«Бұл — жай ғана ойын емес. Бұл баланың өз елімен мақтанғысы келген сезімі», — деп жазды анасы.
Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік бұл жағдайды «Қайрат эффектісі» деп бағалады.
https://vm.tiktok.com/ZMDNFUQXP/