«Арсеналдың» экс-футболшысы: «Олимпиакосқа» «Қайратқа» қарсы ойнау қиын болады»
Грекиялық ОФИ клубының қорғаушысы Илиас Хадзитеодоридис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының алтыншы турында өтетін «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы матч туралы пікір білдірді.

«Бұл қиын ойын болады, себебі «Қайрат» та, «Олимпиакос» та – жақсы командалар. Бізді керемет матч күтіп тұр. Кім көбірек қаласа, сол жеңіске жетеді», – деді Хадзитеодоридис.
Чемпиондар лигасының алтыншы турындағы матч
9 желтоқсанда «Астана Аренада» өтеді.
Алматылықтар турнир кестесінде 35-ші, ал қонақтар 33-ші орында тұр.
28 жастағы қорғаушы биылғы маусымда ОФИ сапында 11 ойын өткізді. «Арсенал» академиясының түлегі бұған дейін «Брентфорд», «Панатинаикос» және «Панетоликос» клубтарында ойнаған.
Айта кетейік, 1990 жылдарға дейін Илиастың ата-анасы Шымкентте тұрған. ASnews.kz мәліметінше, футболшы Қазақстан құрамасында ойнауға дайын, бірақ қазіргі төлқұжатынан бас тартқысы келмей отыр.