Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) клубтық рейтингті жаңартты. Алматының «Қайраты» 90,75 ұпай жинап, 240-орынға тұрақтады.

Бұл — Қазақстан атынан топ-500 тізіміне енген жалғыз клуб.

«Қайраттың» бұл көрсеткіші қазақстандық футболдың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетті. Клубтың тұрақты ойыны, еурокубоктардағы тәжірибесі мен жас ойыншыларға сенім артуы өз нәтижесін беріп отыр.

❓ Сіздің ойыңызша, келесі болып қай ҚПЛ клубы IFFHS рейтингіне енеді?