🏁 Криштиану Роналду «Форсаж 11» фильмінде ойнауы мүмкін
Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду атақты «Форсаж» франшизасының соңғы бөлімі — «Форсаж 11» (Fast X: Part 2) фильмінде көрінуі ықтимал. Бұл туралы жобаның басты актері әрі продюсері Вин Дизель мәлімдеді.
Оның сөзінше, португалиялық футболшы үшін сценарийде арнайы рөл қарастырылған. Алайда Криштиану Роналдудың өзі фильмге қатысатынын әзірге ресми түрде растаған жоқ. Сондай-ақ оның қандай кейіпкерді сомдайтыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, «Форсаж 11» фильмі бүкіл франшизаның қорытынды бөлімі саналады. Картина 2027 жылдың сәуір айында прокатқа шығуы тиіс.