Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, қазіргі уақытта «Ордабасы» футбол клубын жекешелендіру мәселесі бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің жоспары бойынша, клубтың жеке меншікке өту процесі жақын күндері толық аяқталуы мүмкін.