«Рафаэль Уразбахтин: Астана Аренада ойнауға 100% дайынбыз !»
«Рафаэль Уразбахтин: Астана Аренада ойнауға 100% дайынбыз, қарсыластарымызды да мұқият зерттедік»
«Қайрат» басшысы Рафаэль Уразбахтин алдағы ойынға қатысты қысқа да нық пікір білдірді. Оның айтуынша, команда бүгінде 100% дайын және тек жеңіс үшін алаңға шығады.
Сонымен қатар Уразбахтин құрамда белгілі бір өзгерістер болатынын жасырмады. Ол Заруцкийдің келісімшарты аяқталғанын атап өтті.
Бұған қоса, Дастан Сатпаев таратқан «Қайратты ЛЧ-дан алып тастауы мүмкін» деген ақпараттың жалған екенін қатаң түрде айтты.
Уразбахтин команданың Астана Аренаға толық бейімделіп үлгергенін және әзірлігі өте жақсы екенін жеткізді.