Бүгінгі баспасөз мәслихатында «Қайраттың» қарсыластары өздерінің айқын мақсатын жасырмады. Олар жеңіс үшін келгенін, команда толық дайын тұрғанын және «Қайрат» ойыншыларын жан-жақты зерттегенін айтты.

Ауа райы екі жаққа да бірдей екенін атап өткен олар, алаңға бейімделуде еш қиындық болмайтынын жеткізді.

Журналистер сұрағына:
«Бұл – біз үшін тағы бір маңызды матч. Біз оны жеңуіміз керек», – деп жауап берді.

Бас бапкер жанкүйерлерін ұмытпай, Астанаға арнайы келіп қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғыс айтты.

Қысқаша айтқанда жеңіске жету үшін барлық жағдайларымыз жасалған