Кездесуді қонақтар сәтті бастады. 20-минутта «Оқжетпес» ойыншысы Борис Лотоцкий есеп ашып, командасын алға шығарды.

Алайда «Астана» бірінші таймда есепті өзгертіп үлгерді. 28-минутта Карло Бартолец таразы басын теңестірсе, 40-минутта Марин Томасов елордалықтарды алға шығарды.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. «Астана» өз қақпасын сақтап, кездесуді 2:1 есебімен аяқтады. 

Осылайша, «Астана» 21-турдағы маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

«Астана» – «Оқжетпес» – 2:1

⚽ 20’ Лотоцкий
⚽ 28’ Бартолец
⚽ 40’ Томасов