Instagram  Бабаян әріптестеріне құрметпен қарайтынын айтып, Уразбахтиннің баспасөз мәслихатындағы сөздеріне көңілі толмағанын жеткізді.

«Мен әріптестеріме құрметпен қараймын және Уразбахтиннің баспасөз мәслихатында жасаған әрекетіне жол бермес едім. Ол жерде матч кейінге шегерілген жоқ деді. Ол үлкен футболда жүргеніне небәрі екі жыл болды және көп нәрсені түсінбейді», — деді Бабаян.

«Астана» бапкері 2024 жылы Алматыда өткен оқиғаға да тоқталды. Оның айтуынша, сол кезде «Қайрат» астаналық клубқа стадион мен киім ауыстыратын бөлме ұсынбаған.

«Естеріңізге сала кетейін: 2024 жылы Алматыда “Қайрат” бізге стадион да, киім ауыстыратын бөлме де бермеді. Біз “Браннмен” өтетін матчқа байланысты ойынды бір күнге кейінге шегеруді сұрадық. Бірақ бізге Еуропада Қазақстанның атынан емес, тек “Астананың” атынан өнер көрсетіп жүргеніміз айтылды», — деді ол.

Бабаян бұл тарихты Уразбахтин білмеуі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан оның сұрағы «Қайрат» клубына емес, жеке Уразбахтиннің өзіне бағытталғанын айтты.

«Уразбахтин бұл тарихты білмеуі мүмкін. Сондықтан менің сұрағым қазір “Қайратқа” емес, жеке өзіне. Ол өзін кім деп ойлап жүр? Мен оны эмоцияға беріліп кетті деп ойладым және кейін бәрін түсіндіріп береді деп күттім», — деді «Астана» бас бапкері.

Сондай-ақ Григорий Бабаян Уразбахтиннің «шапито» туралы айтқан сөзіне де жауап берді.

«Ал оның “шапито” туралы сөзіне келсек, мүмкін, клоунның өзі шығар», — деді Бабаян.

Осылайша, екі клуб бапкерлерінің арасындағы сөз тартыс жаңа деңгейге шықты.