Amanvibe мәліметінше, клубқа спорттық нысандар құрылысына маманданған ВД Строй-Инжиниринг холдингі қызығушылық танытқан. Аталған компанияны Еркин Окасов басқарады.

 

Қазіргі уақытта мәміле аудит кезеңінен өтуде. Бұл процесте клубтың қаржылық құжаттары, қарыздары және ойыншылармен жасалған келісімшарттары жан-жақты тексерілуде.

 

Аудит қорытындысы бойынша клубтың нақты құны анықталып, оны жекешелендірудің шарттары белгіленеді.