Айта кетейік, биыл «Ордабасы» сенімді ойын көрсетіп, Шымкент ұжымы нағыз прайм формасына кіргендей әсер қалдыруда. Команда турнирлік кестеде 3-орында тұр, ал «Астана» әзірге 6-орынға жайғасқан.

 

Бүгінгі ойында астаналықтар қарсыласын өз алаңында қабылдайды. Екі командаға да жеңіс ауадай қажет: «Астана» өз позициясын жақсартуға тырысса, «Ордабасы» жоғарғы орындардағы орнын нығайтуды көздейді.

 

Матч тағдыршешті болуы мүмкін — «Астана» өз жанкүйерлері алдында қайта серпіліс жасай ма, әлде «Ордабасы» өзінің мықты формасын тағы дәлелдей ме, оны бүгінгі ойын көрсетеді.