Ел-Классикосы күтпеген есеппен аяқталды
Алматылық "Қайрат" ел-классикосында өз тарихындағы ер ірі жеңісіне жетті.
Қазақстан Премьер-Лигасының 4-туры аясында өткен "Қайрат" - "Астана" кездесуі күтпеген ірі есеппен аяқталды, деп хабарлайды QazFootMedia.kz сайты.
Ел-Классикосы деп аталатын жыл сайын өтетін керемет астаналар дербиі 4:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймның 10-минутында Жоржиньо есепті ашса, 22-минутта Дастан Сәтпаев есепті 2:0-ге жеткізді, 41-минутта күтпеген жағдай орын алды. Жоржиньо ойындағы екінші голын соғып, есепті одан сайын еселеп, 3:0-ге жеткізді. Үзіліске, алматылық клуб жеңімпаз ретінде шығып, ойынның келесі жартысы бастала салысымен команда капитаны Александр Мартынович 4-ші голды соғып, елордалық клубқа еш мүмкіндік қалдырмады. Қорытынды есеп 4:0 "Қайраттың" пайдасына шешіліп, турнирлік кестеде көшбасына шықты.