Қазақстан жаңа турнирде өз қарсыластарын жеңді
Қазақстан құрамасы Намибияны сенімді жеңді, деп хабарлайды QazFootMedia.kz порталы. Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series 2026 турнирі аясында Намибияға қарсы матч өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу Астанадағы Астана Арена стадионында өтті.
Матчтың алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық футболшылар ойын тізгінін өз қолына алды. Есеп 12-минутта ашылды — қорғаушы Ян Вороговский дәл соққымен командасын алға шығарды. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.
Екінші таймда да Қазақстан құрамасы басымдықты сақтап қалды. 79-минутта қорғаушы Әлібек Қасым есепті еселеп, матчтың нүктесін қойды — 2:0.
Бұл кездесу Қазақстан үшін тарихи маңызға ие болды, себебі ол жаңа форматтағы FIFA Series турниріндегі алғашқы ойындардың бірі саналады. Жалпы ойын барысында отандық команда ұйымдасқан футбол көрсетіп, қорғаныста сенімді, ал шабуылда нәтижелі әрекет етті.
Бұл турнирдің ерекшелігі футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Испания және Италия суперкубогының «төрттік» финал регламентіне ұқсас. Себебі: төрт құрлықтан іріктеліп алынған төрт құраманың басы бір қалада, бір стадионда бірігеді.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 31 наурыз күні Комор аралдарына қарсы өткізеді.