«Кайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде нағыз экзаменнен өтіп жатыр.
Бес турдың ішінде алматылықтар осы маусымдағы топ-8 құрамындағы үш бірдей қарсыласпен кездесіп үлгерді — бұл олардың жолын турнирдегі ең ауыр бағыттардың біріне айналдырады.
Бес турдың ішінде алматылықтар осы маусымдағы топ-8 құрамындағы үш бірдей қарсыласпен кездесіп үлгерді — бұл олардың жолын турнирдегі ең ауыр бағыттардың біріне айналдырады.
Ал алда — басты сын.
Лондондық «Арсенал» қазіргі таңда ЛЧ-дағы 36 клубтың ішінде көш бастап тұр және маусымның ең қауіпті командаларының бірі саналады.
Ал «Брюгге» мен «Олимпиакос» айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған жоқ:
екі команда бірге небәрі 6 ұпай жинап, кестенің төменгі бөлігінде келеді.
«Пафос» болса 24-орында тұр және плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап отыр. Алайда кипрліктер әзірге тек бір ғана топ-деңгейдегі клубпен — мюнхендік «Бавариямен» ойнап үлгерген.