600 грек жанкүйері Астанаға жетті: бұл матчқа қызығушылық жоғары
Матчтың басталуына санаулы минуттар қалды. Стадионға жан-жақтан ағылып жатқан жанкүйерлер легі үдей түсті. Айта кетерлігі, Грекиядан арнайы келген «Олимпиакос» клубының 600-дей жанкүйері Астана Аренаға жетіп, өз секторларын безендіріп, қызу дайындық үстінде.